Бұл күн Үкімет қаулысымен 2020 жылы – Абайдың 175 жылдығында белгіленді.

сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді. Ақын ел басқару қызметінде барынша әділ болып, халық қамын ойлаған, «тура биде туған жоқ» қағидатын ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбін шығармашылыққа арнаған.

Абай тек ақын емес, сонымен бірге сазгер екенін де атап өту керек. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндері әлі күнге халық жүрегінде. Одан бөлек Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.

Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебайда қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар.

Ақынның өз кіндігінен он бала тараған. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.

Абайдың ақыл-ойынан туған мұрасы – айналып келгенде Алашқа үндес қазақтың ұлттық идеясы еді. Ақынның ұлы жүрегі тоқтағаннан кейін де Әлихан Бөкейханұлының ақын шығармаларын жинақтап, басып шығаруға күш салуы, Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деп баға беруі де сондықтан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!