Қымбатты облыс тұрғындары! Байқоңыр қаласында болған оқиғаға байланысты Байқоңыр қаласында болдым. Із-түзсіз кеткен кішкентай екі бала Анас Ерхан мен Оразбаев Нұрәліні іздестіруге РФ ІІМБ,ҚР ІІМП жеке құрамы жұмылдырылды және 400 волонтер тартылды.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің іздестіру тобы жұмылдырылып, оның құрамындағы 1 бірлік техника (қайық) және жеке құрамның7 адамы (сүңгуірлер, кинолог, психолог) іздеу жұмыстарына кірісті. Қанша үміттенсек те, өкінішке қарай, Сырдария өзенінің тікұшақпен ұшу барысында қалалық мәдениет және демалыс саябағы ауданында сүңгуірлер Анас Ерханның денесін тапты (жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес зорлық-зомбылық өлімінің белгілері жоқ).

Амал қанша, Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектебінің 2″А» сынып оқушысы Анас Ерханның ата-анасымен кездесіп, көңіл айттым. Ерханның әкесі Ниязбаев Амандық Анасұлы (15.02.1988 жылғы) «Байқоңырэнерго» ӨЭБ ЖБТ электригі, анасы Әбдіқадырова Қазына Әбдіваханқызы (26.03.1988 жылғы) №272 орта мектептің медбикесі.

Толық отбасында 3 бала тәрбиеленген. Ерхан үйінің үлкені екен. Іздестіру іс-шараларын өткізу барысын бақылау шеңберіндеҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкіліС. Сүлейменовпен бірге қала әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгинмен кездестім. Балаларды іздеу бойынша өткізілген және жоспарланған іс-шаралармен танысып, қажетті тапсырмалар бердім.

Сондай-ақ, Байқоңыр қаласының құқық қорғау органдары басшыларының (Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҚР ҰҚКД Байқоңыр қаласы басқармасы, Байқоңыр қаласының прокуратурасы, ҚР Байқоңыр қаласындағы ІІМП, Қармақшы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі), Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары және мектеп директорларының қатысуымен кеңес өткізіп, осындай ауыр фактілердің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында оқушылардың ата-аналары мен оқытушылар құрамы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым.

Қазіргі уақытта жоғалған Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінің 2 «в» сынып оқушысы Нұрәлі Нұрсұлтанұлы Оразбаевты іздестіру шаралары жалғасуда.

Қадірлі жерлестерім! Парақшама жазған пікірлеріңізді оқимын. Сіздердің жазбаларыңызға, пікірлеріңізге қатысты орынбасарларыма, басқарма басшыларына, қала, аудан әкімдеріне тапсырып отырамын. Осы орайда, сіздерден кішкентай балаларыңызды жеке өздерін ешқайда жібермеңіздер, үйде қалдырмаңыздар, мұқият болыңыздар деп тағы да сұраймын.

Балаларымыз аман, жұртымыз тыныш, еліміз бейбіт болсын!