Елбасы көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай желідегі парақшасында жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаев оның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, ақынның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді», – делінген хабарламада.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал ақын Шөмішбай Сариев өмірден озды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!