Көпшілікке танымал әнші Рүстем Жүгінісов енді ән айтпайтынын мәлім етті. Мирас Жүгінісовтің TikTok фан парақшасында Рүстемнің оқырман сауалына жауап беріп, басқа жолды таңдағанын айтқан видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рүстем Жүгінісовтің тыңдарманының бірі «Мираспен фит жазатын ойыңыз бар ма?», – деп сұраған. Ал Рүстем Жүгінісов ән айтпай кеткеніне екі жыл болғанын атап өтті. «Күлейін бе? Жылайын ба? Мұндай сұрақ қойылмағалы біраз болып еді негізі. Менің ән айтпай кеткеніме, әнді тастағаныма екі жыл болғанын білесіздер ме? Мына түріммен мен қалай Мираспен фит жазамын? Болды, мен басқа жолды таңдадым. Қазір мен әнші емеспін», – деді Рүстем Жүгінісов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!