Жастар арасында танымал блогер Арман Юсупов пен Карина Оксукбаева үшінші сәбиінің жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыдан бір ай бұрын Карина өзінің жүкті екенін айтқан болатын. Бүгін шағын отбасылық жиында блогерлер гендер пати ұйымдастырып, болашақ сәбидің жынысын анықтады. Арманның әкесі болашақ немересін ұл болады деп болжаса, Каринаның анасы қыз баланы күтетінін жасырмады.

Блогерлердің оқырманы бұл сәтті көп күтті. Арман мен Карина үшінші рет ұлды болмақ. 

“Арман өзі сияқты нағыз ер азаматтарды тәрбиелемек”, “Футбол командасын жинап жатырсыз дар ма?”, “Алақай”, “Төртіншісі қыз болады”, Есесіне үш бірдей батырың болады”, “Құттықтаймын”, “Жұғысты болсын”, – деп құттықтады желі қолданушылары.

Айта кетейік, ерлі-зайыпты Алим, Тимур есімді екі ұл тәрбиелеп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!