Фото: видеодан кадр. «OZMZғой» бағдарламасы

Әнші Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді әлеуметтік желідегі парақшаларына видео жариялады. Қосыла ән орындаған өнер иелерін желідегілер жұптастырып үлгерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Жақсы көрем. Сарамен көптен күткен дуэтіміз. 8 наурыз күні шығады», – деп жазды Тұрар Ыдырыс.

Ал желі қолданушылары әнші мен актрисаның жарасымды жұп екенін айтып, видеоны қызу талқыға салды. «Жұптың иісі шығады», «»Жақсы көрем», «Бір-біріңді жақсы көріңдерші», «Жарасымды жұп», «Тамаша», «Сендер қосылғанша, дұғада жүремін», «Онсыз да жұп емес пе?», «Соңы той болсын», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!