Шиелі ауданында «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен ауыр атлетикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары арасында облыс біріншілігі аяқталды.

Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 2004-2005 жылдары дүниеге келген жасөспірім ұлдар мен қыздар 16 салмақ дәрежесінде сынға түсті.Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте қызылордалық № 1 олимпиадалық резерв мектебінің ұлдар мен қыздар командалары бірінші орынды жеңіп алды.Ұлдар арасында Шиелі ауданының №9 ОРМБЖМ екінші, Қармақшы ауданының №15 ОРМБЖМ спортшылары үшінші орындарға ие болды. Қыздар арасында №15 ОРМБЖМ күміс, №9 ОРМБЖМ қола жүлделерді еншіледі.Ауыр атлетикадан облыс біріншілігі үш жас ерекшелігі бойынша өтеді. Енді екіншісі жаз айында 2008-2009 жылдардағы жасөспірімдер сынға түссе, үшіншісі күзде 2006-2007 жылғы өрендар арасында ұйымдастырылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!