Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 4 мамырда Қазақстанның жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін, ал батыс пен оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C.

Алматыда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпінді. Түнде +14…+16°C, күндіз +19…+21°C.

Шымкентте ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай, жел екпінді. Түнде және таңертең тұман болады. Түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.

Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.

Ақтауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.

Атырауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.

Жезқазғанда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Қарағандыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.

Көкшетауда ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +3…+5°C, күндіз +17…+19°C.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай, жел екпінді. Түнде +14…+16°C, күндіз +21…+23°C.

Қостанайда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай, жел екпінді. Түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C.

Қызылордада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.

Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8°C, күндіз +17…+19°C.

Петропавлда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C.

Семейде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C.

Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.

Таразда ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай және екпінді жел болады. Түнде +12…+14°C, күндіз +18…+20°C.

Түркістанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.

Оралда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай болады. Түнде +6…+8°C, күндіз +19…+21°C.

Өскеменде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!