Қызылорда қаласындағы базар, ірі сауда және тамақтану орындарында қызмет жасайтын жастар арасында «Қала жастарының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша үйірме жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі аясында «Qosyl» командасы мен «БІЗБЕН БІРГЕ» қоғамдық қорының ұйымдастырыумен «Евразия» спорт кешенінде «Достық» кубогі кіші футбол турнирі өтті.
Сайысқа мақсатты топтардан құралған, 22 команда қатысты. Бұқаралық спортты дамыту, қала жастары арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат ететін турнир тоқсан сайын ұйымдастырлып отыратын болады.
Бір күнге созылған футбол турнирін ұйымдастыруға атсалысқан «Евразия» спорт кешеніне алғыс білдіреміз.

Жеңімпаздар:
І орын «Дөйт» командасы
ІІ орын «Сырдария» командасы
ІІІ орын «Арафат» командасы

Арнайы номинация иегерлері: «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік бамбардир», «Үздік қорғаушы» атанды.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы мараппаттар, кубок, медаль және қаржылай сыйлықтар табысталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!