27 ақпанда Алматыда MTK Fight Night кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қамшыбек Қоңқабаев пен Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасады.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) ұлыбританиялық Стивен Уордпен қолғап түйістіреді. Ал Жәнібектің қарсыласы әзірге белгісіз.

Мұнан бөлек, дәл осы күні MTK Kazakhstan ме­неджер­лік компаниясы атынан кәсіпқой шаршы алаңда өнер көрсететін Абай Төлеш, Талғат Шайкен, Әли Балаев, Нұрдос Төлебай, Нұртас Әжбенов, MTK Global Kazakh­stan Golden Contraсt ауқымды жобасының жеңімпаздары Торғынбек Әміров пен Нұрбол Сұлтанбай жекпе-жекке шығады.  Президенттікке тағы бір үміткер Жоан Лапорта аргентиналықтың алдындағы міндеттемелерін орындауға уәде беріп, онымен төлемдерді икемді және кезең-кезеңмен жүзеге асыруды көздейтін жаңа келісімшартқа қол қойылуы мүмкін екенін атап өтті.

“Сіз әлемдегі ең жақсы ойыншыға сараң бола алмайсыз. Оны командада сақтап қалу бірінші кезектегі мәселе болып табылады, оған барлық күш-жігерді жұмсау керек. Мен Леоға сенемін, ал ол маған сенеді. Месси алдыңғы басшылыққа алданғанын сезінді”, – деді Лапорта L’Equipe басылымына берген сұхбатында.

Ал Лионель Мессидің адвокаттары футболшының келісімшартына қатысты мәліметтерді жариялаған бірнеше адамды сотқа бермекші.

Marca хабарлағандай, аргентиналық футболшы келісім туралы толық ақпаратты білетін үш адамды сотқа бергісі келеді. Демек, бұл адамдар “Барселонаның” экс-президенті Хосеп Мария Бартомеу мен ойыншының келісімшартына қол қоюға жауапты атқарушы директор Оскар Грау және клубтағы президенттің міндетін атқарушы Карлес Тускетс болуы мүмкін.