Бүгін қызылордалық «Қайсар» Түркияда алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. Қарсылас Македонияның су жаңа чемпионы «Шкендия» командасы болды.

Ойын барысында қонақтар алғаш болып есеп ашты. Кездесудің екінші жартысында Стефан Денкович Арман Кеңесовтың пасын ұтымды пайдаланып, таразы басын теңестірді. Есеп 1-1!

Қасқырлардың ендігі қарсыласы Украина чемпионатының белді өкілі «Десна» болмақ. Кездесу 7-ақпанға жоспарлануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!