Бүгін қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы кезекті жолдастық кездесуін өткізді. Қарсылас Гурзия чемпионатының өкілі «Телави» командасы болды.

Кездесуде алғаш болып қасқырлар есеп ашқанымен, ойынның екінші жартысында «Телави» таразы басын теңестірді. «Қайсар» сапынан гол соққан Өркен Махан.«Қайсар» сапынан Салайдын (Исламқұлов), Усман (Алтаев), Потапов, Сарбай (Әмірсейітов), Жақсыбаев (Карпович), Кеңесов (Абзалов), Әлімжан (Нәрзілдаев), Құрманбекұлы (Байжанов), Кошман (Шахметов), Құлмағанбетов (Денкович), Махан (Лаукжемяс) ойын көрсетті.«Телави» – 2016 жылы құрылып, үлкен футболға қадам басқан жаңа команда. 2019 жылдан бастап, жоғары лигада бақ сынап келеді. Өткен маусымда 6-орынға табан тіреп, маусым жаңалығы болған.«Қайсар» енді 23 ақпанда украиндық «ВПК Агромен» шеберлік байқасса, 25 ақпанда Тәжікстанның бірнеше дүркін жеңімпазы «Истиклолмен» кім мықтыны анықтайды. Ал 27 ақпанда қырғызстандық «Дордоймен» жасыл алаңғы шығады. Түркиядағы жолдастық кездесуін 2 наурызда «Тюменьмен» түйіндейді.