Қызылордалық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (1-0, 1 КО) өткен аптада кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді.

Ол украиналық Сергей Радченкомен (7-6, 2 КО) қолғап түйістірді. Супер ауыр салмақтағы айқас сегіз раунд деп белгіленді. Бірақ ол төрт раундтан кейін тоқтады. Себебі төртінші раундта Радченко нокдаунға түсіп қалды. Сондықтан Сергей жекпе-жекті әрмен қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл – Қамшыбектің кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі. Екеуін де нокаутпен ұтты.

Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін биылғы тамыз айында Иса Акбербаевқа қарсы өткізген еді. Кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізгеніне қарамастан ол аталған дүбірлі додада бақ сынау мүмкіндігін жоғалтқан жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!