Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Агенттіктің мәліметінше, талдау шеңберінде Туризм және спорт министрлігі, оның ішінде ведомстволық ұйымдардың спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалатын болады.

“Бұдан басқа, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады”, – делінген хабарламада.

Талдау Агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізілетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!