Қызылорда қаласы Жастар ресурстық орталығында Аула клубының жастары мен жасөспірімдері арасында спорттық іс-шара өтті.

Отыздан аса адам қатысқан аталмыш шарада жастар волейбол, үстел теннисі, бейнелеу өнері және қазақтың ұлттық ойыны «ләңгі тебуден» сайысты.

Волейболда үш команда намысын қорғаған болса, қалған сайыстарда әрбір қатысушы жасөспірім өз бақтарын сынады. Барлық жастар белсенділік танытты.
Үлкен жеңістер осындай шағын белестерді бағындырудан басталады. Іс-шара соңында қатысушылар алғыс хаттар және мақтау қағаздарымен марапатталды. Аула клубының жастары мен жасөспірімдері бұданда биік шыңдарды бағындырып, үлкен спорт алаңдарында жеңіс тұғырынан көрінетініне сенеміз!
Өткізілген іс-шара Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауы арқасында Pro Bono қоғамдық қорымен ұйымдастырылды.