Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 13-15 жас аралығындағы спортшы қыздарымыз көркем жүзуден топтық сайыстың еркін бағдарламасында жеңімпаз атанды.

Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан қыздар құрамасы: Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадулина, Анджелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Джаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирева (резерв: Аяулым Жакпаева, Перизат Бекпаева) 212.5417 ұпаймен жеңіске жетті. Ал Сингапур қыздары (208.8912) екінші орынға ие болды. Жүлделі үшінші орын Өзбекстан (202.5843) қыздар құрамасына бұйырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!