Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын Мажарстан футзалшыларына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Екі құрама арасындағы бәсеке жуырда ғана даңқты балуан, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген елордадағы жекпе-жек сарайында өтті. Ойында Қазақстан құрамасы толықтай басымдыққа ие болып, қарсыласының қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Атап айтар болсақ, ойын бaрысындa Арнольд Кнауб, Дәурен Нұрғожин, Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов мергендігімен көзге түсті.

Енді жерлестеріміз келесі ойынын 2021 жылдың 28 қаңтарында сырт алаңда Израильмен өткізеді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турнирінің іріктеуінде 5-топта өнер көрсетуде. Біздің топта Мажарстан мен Израильден бөлек, Беларусь құрамасы да бар. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жалауы 2022 жылдың 9 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында Нидерландта желбірейді.