Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке өзін ұсынды.

Орта салмақтан мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) орта салмақтан кеткеннен  кейін жапониялық боксшы WBA желісі бойынша жалғыз чемпион болып қалды.

Ал Мурата орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Генадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) келесі қарсылас болуы мүмкін екені айтылған. Жәнібекте екінші дәрежелі WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар, – деп жазады Vesti.kz.

«160 фунт. WBA Super? Боб Арум мен Top Rank, қане осыны жасайық. «Қазақша стиль“ Муратаға қарсы», – деп жазды Әлімханұлы «Твиттерде».

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!