Қазақстанның жол қозғалысы ережелері республика аумағындағы жол қозғаласының бірыңғай тәртібін белгілейді. Жол қозғалысына қатысты нормативтік актілер осы ережеге негізделеді.
Жол белгілері көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншіге жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын белгілер. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережесі қолданылды. 1998 жылы республикада жолда жүрудің жаңа ережелері қабылданды. Осы ережеге сай «Жол белгілері» 7 топқа бөлінеді:
1.Ескерту белгілері
2.Басымдық белгілері
3.Тыйым салу белгілері
4.Міндеттеу белгілері
5.Ақпараттық көрсеткіш белгілері
6.Қызмет көрсету белгілері
7.Қосымша тақтайшалар
Осы топтарға бөлек тоқтала кетсек,
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақын екенін хабарлайды. Басымдық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішке бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді және бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етеді. Ақпараттық көрсеткіш белгілері қозғаластың белгілі бір режимін енгізеді немесе күшін жояды. Қосымша тақтайшалар бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған.
Міне, осы ереже белгілеріне сай жол ережелерін сақтасақ, өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете аламыз деген ойдамын.
Арайлым ТЕБЕНБАЕВА,
№ 235 орта мектетің
9 сынып оқушысы