Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңның 17-бабына сәйкес, Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу туралы өтініші түсті. Осыған байланысты депутат А.Сарымның аталған комитетке ауысуы туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», – деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.
Жалпы отырыста палата депутаттары аталған өтінішке қолдау білдірді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында депутат Саясат Нұрбекті Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауыстыру туралы шешім қабылданған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!