Фото: Tengrinews.kz

Астана тұрғыны 1 миллион 200 мың теңгесін қоғамдық көлікте ұмытып кете жаздады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Күндізгі уақытта Астана тұрғыны абайсызда автобуста бір сөмке ақшаны ұмытып кеткенін байқап, 102 арнасына хабарлаған», – делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бағыт пен автобус жүргізушісін анықтап, 1 миллион 200 мың теңге ақшаны тауып, иесіне тапсырған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!