«Қазгидромет» 23-25 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы екі-үш күнде еліміздің солтүстік өңірлері солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Түнгі ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Циклонның Жерорта теңізінен ығысуы республиканың қалған аумағының жауын-шашынды болуына септігін тигізеді. Кей өңірде бұршақ аралас жаңбыр жауады.

Елдің шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.

Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады.

25 сәуірге қарай елдің басым бөлігінде, әсіресе, солтүстікте 10-18 градусқа дейін, ал батыста күндізгі ауа температурасы 20-25 градусқа дейін қайта көтеріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!