Елдің басты құжатына елеулі өзгеріс енгені баршаға мәлім. Бұл ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті. Яғни, мекеме заңгері Қарашаева Гүлмира Дарханбайқызы “Адам. Қоғам. Конституция” тақырыбында баяндама жасап, Ата Заңның жаңартылған жобасын таныстырды.

Байыппен жеткізілген ой көптің көңіліне қонады. Басқосу барысында осы ұстанымға басымдық беріліп, Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары, оның мән-маңызы туралы түсіндірілді. Атап айтқанда, заңгер бір палаталы Парламент құру, вице-президент лауазымын енгізу, шетелден қаржыландыруға шектеу қою, дін, неке және отбасы, адам құқықтары сияқты маңызды бастамалардың мазмұнына тоқталды. Құжаттағы жаңашылдықтардың мәні тарқатылып, әрбір өзгерістің астарындағы мақсат қызметкерлерге қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізілді.

Иә, заңды білу – заман талабы. Құқықтық сауаттылық артқан жерде күмән азайып, күрмеулі мәселелердің түйіні тарқайтыны сөзсіз.

З.Қонысжан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!