1. Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамауға алынды. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға биылғы 19 мамыр күні сағат 20:12-де болған. Сарыарқа аудандық полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы шағым түсті. Осыдан кейін полиция аталған адамды ұстау бойынша шұғыл шара қабылдады. Іздестіру жұмыстары барысында ол ұсталып, қамауға алынды», – делінген таратылған хабарламада.

Полиция мәліметіне қарағанда, күдікке ілінген аталған 33 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

«Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды», – деп аталып өткен хабарламада.

Бұдан бұрын ҚазАқпараттың хабарлауынша, елорда тұрғыны автобуста белгісіз ер адамның 12 жастағы қызына тиіскеніне шағымданды. Қала тұрғыны Instagram парақшасында күдіктінің суретін де, видеосын да жариялады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!