Smartnews.kz. Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында тағы екі әлемдік рекордтың авторы атанды.
Ширек финалда Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңді. Кездесуде жеңіс голдарының бірін соққан Мбаппе турнирдегі сегізінші добын тіркеді.
Осылайша, мадридтік «Реалдың» шабуылшысы қазіргі әлем чемпионатының үздік сұрмергендері тізімінде Лионель Мессимен теңесті.
Сонымен қатар Мбаппе әлем чемпионаттарындағы мансабында соққан голдарының санын 20-ға жеткізді. Оның сегізі дәл осы 2026 жылғы мундиалда соғылды.
Француз футболшысы әлем чемпионаттарының тарихында қатарынан екі турнирде сегіз голдан соққан алғашқы ойыншы атанды. Бұған дейін ол төрт жыл бұрын Қатарда өткен әлем чемпионатында да сегіз мәрте мергендігімен көзге түскен еді.
Мароккомен өткен матчта Мбаппе Усман Дембелеге нәтижелі пас беріп, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы нәтижелі әрекеттер саны бойынша Лионель Мессиден де асып түсті.
Қазіргі таңда оның еншісінде алты матчтан кейін 8 гол және 3 нәтижелі пас бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол турнирдің көшін бастап тұр.
Бұдан бөлек, Мбаппе әлем чемпионаттарындағы жеңіс әкелген сегізінші голын соғып, тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. Осыған дейін бұл рекорд жеті жеңіс голымен польшалық Гжегож Лятоға тиесілі болған.
Айта кетейік, бұған дейін Франция құрамасының көшбасшысы Парагвай сенаторының атына қатысты даулы мәлімдемесімен де жұрт назарын аударған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
