Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал оңтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Сонымен қатар бірқатар өңірде ауа температурасы +35…+45 градусқа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады. Тұрғындарға аптап ыстық кезінде сақтық шараларын ұстанып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
