Қазақстан 14 мамырдан кейін ескі тариф бойынша утиль алым төлегендердің қаражаты  қайта есептеуге уәде беріп отыр.

«Жасыл Даму» АҚ-пен кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемелерінің әсері туралы кеңестер жүргізілді. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 сәуірдегі  № 138 бұйрығына сәйкес қайта өңдеу үшін алым мөлшерлемелері 50%-ға төмендетілді, осы бұйрық ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап қолданысқа енгізілді.  2022 жылдың 14 мамырынан кейін қайта өңдеу үшін төлем бұрынғы тарифтер бойынша төленген жағдайда, «Жасыл Даму» АҚ қолданыстағы заңнамаға сәйкес,  артық төленген соманы қайта есептеп, қайтарады» деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін саясаткер және қоғам қайраткері Санжар Боқаев қоқыс өңдеу төлемі түгелдей жаңа тариф бойынша жүргізілетінін айтып, бұған дейін, яғни 2022 жылғы 14 мамырға дейін  әкелінген барлық көліктер үшін ескі тариф бойынша қайта өңдеу ақысын төлеуді талап ету заңсыз екенін жұртшылыққа  дәлелдегенін айтқан болатын. Боқаевтың айтуынша, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, «жақсы сөгіс» алған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!