Ішкі істер министрлігі бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін жауапкершілік барын еске салды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай кезде рұқсат беріледі?

Бұл норма «Құқықбұзушылық профилактикасы» туралы заңның 75-бабы 3-тармағында көзделген. Адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киім кию – құқықбұзушылық.

Бұл тыйым ауа райына және медициналық ұсыныстарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ, қызметтік міндетін атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды.

Айыппұл көлемі қанша?

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында жауапкершілік белгіленген. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ІІМ мәліметінше, осы құқықбұзушылық бойынша 1179 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!