Ол қарсыласына 3 сетте есе жіберді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осылайша, Елена Рыбакина «Ролан Гаррос-2026» турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте небәрі 55-орында тұрған Юлия Стародубцевамен жолықты. Матч үш сетке созылып, нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласына 3:6, 6:1, 6:7 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, Рыбакина Франция ашық чемпионатын сәтті бастаған еді. Бірінші айналымда ол словениялық Вероника Эрьявецті оңай жеңді. Есеп – 6:2, 6:2. Десе де, екінші айналымда күтпеген нәтиже тіркеп отыр.

Қазақстандық теннисшінің Франция ашық чемпионатындағы ең үздік көрсеткіші ширек финал саналады. Рыбакина бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары жетті. Ал биыл бұл межеге де жете алмады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!