Ғалымдар Күнде қуатты жарылысты тіркеп, күн белсенділігінің артқанын хабарлады, деп жазады Tengri Life.
Бұл деректерді академик Е. К. Федоров атындағы Қолданбалы геофизика институтының (Ресей) гелиогеофизикалық қызметі ұсынды.
«21 маусымда Мәскеу уақытымен 22:29-да (Қазақстан уақытымен 00:29-да – ред. ескертпесі.) рентген диапазонында 4473 (S08E55) дақтар тобында ұзақтығы 18 минут болатын M6.8 класты жарылыс тіркелді», – делінген хабарламада.
Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты (ҒЗИ) Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, бұл – бір тәулік ішіндегі ең күшті жарылыс.
21 маусымда Күнде барлығы C және одан жоғары класты жеті жарылыс болды: бес С класты және екі М класты.
Сонымен қатар ҚГИ гелиогеофизикалық қызметі 22 маусымда негізінен қалыпты жарылыс белсенділігі күтілетінін түсіндірді. Бұл ретте Х класты жарылыстар болуы мүмкін. Геомагниттік өріс тыныш болады, тек кейбір кезеңдерде тұрақсыздық байқалуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
