ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жалпы мектепішілік іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптарды әзірледі, деп хабарлайды 7kun.kz.

Барлық жалпы мектептік шаралар мектептің өз күшімен тегін өткізіледі. Салтанатты жиындарда патриоттық тәрбиеге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметке ерекше көңіл бөлінеді.

Жалпы мектептік іс-шараларға мыналар кіреді:

  • ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты шаралар;
  • еліміздегі атаулы күндер мен маңызды оқиғаларға арналған шаралар;
  • оқу жылының басталуына, аяқталуына арналған салтанатты шаралар;
  • олимпиадалардағы, спорттық және шығармашылық конкурстар мен жарыстардағы жетістіктері үшін оқушылар мен педагогтерді марапаттау рәсімдері;
  • оқушылар мен педагогтардың бастамасы бойынша ұйымдастырылған флешмоб акциясы;
  • мектептегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға арналған шаралар;
  • отбасылармен және мектеп серіктестерімен бірлесіп өткізілетін шаралар;
  • оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен өтетін көшпелі шаралар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!