Фото: Пресс-служба министерства обороны Казахстана

Sputnik. Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.

«Жарғылық капиталы 100 процент мемлекеттің қатысуымен «Теңіз жасағы» ашық акционерлік қоғамы құрылсын», – делінген құжатта.

Теңіз жасағының негізгі мақсаты – Солтүстік Каспийде мұнайдың төгілуі кезінде шұғыл әрекет ету. Компанияның жарғылық капиталы республикалық мүліктен тұрады.

«Теңіз жасағы» АҚ-ны бағалау құны – 187 млн теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!