Құрылтай сайлауы күні Руханият скверінде ұлттық рухты ұлықтаған айрықша салтанатты шеру өтті.
Мәдениет орталығының өнерпаздары ұйымдастырған шараға 50-ге жуық адам қатысып, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық болмысын дәріптеді.
Шеру сапында айбынды батырлар, ел ағалары ақсақалдар, абыз аналар және ұлттық киім киген мәдениет саласының қызметкерлері жүріп өтті.
Батырлар қолдарына найза ұстап, жандарында қазақтың саятшылық дәстүрін айшықтайтын қыран құстары мен тазы иттерін ертіп, көшпелі мәдениеттің айбынды келбетін көрсетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!