23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Жаңақорған кентінің орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.

Сауда сөрелеріне жеміс-жидек, көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері қойылып, тұрғындарға нарықтағы бағадан шамамен 20 пайызға төмен бағада ұсынылуда.

Жәрмеңкеге ауданның бірқатар елді мекендерінен шаруалар мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда. Бұл тұрғындар үшін қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.
Оған келген аудан тұрғыны мұндай шаралардың халық үшін тиімді екенін атап өтті.

«Жәрмеңкеде өнімдердің бағасы қолжетімді екен. Әсіресе көкөніс пен жеміс-жидекті отбасыға қажетті мөлшерде алып жатырмыз. Бағаның нарықтағыдан төмен болғаны қуантады. Осындай жәрмеңкелердің жиі ұйымдастырылғаны тұрғындарға жақсы қолдау деп ойлаймын», – деді аудан тұрғыны.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!