Сайлау күні Ақжар ауылында сайлау учаскесінің алдында тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында радиоконцерттер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Мәдени шараларға жергілікті шығармашылық ұжымдар, өнерпаздар мен мәдениет саласының өкілдері жыраулар қатысып, көпшілікке ән мен жырдан шашу шашты. Сайлау учаскелеріне дауыс беруге келген тұрғындар өнерпаздардың концерттік қойылымдарын тамашалады.
Әсіресе жергілікті өнерпаздардың өнер көрсетуі тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Сайлау учаскелерінің маңындағы әуезді әуен мен концерттік бағдарламалар маңызды күннің атмосферасын одан әрі жандандыра түсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!