Шиелі ауданының №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейі бітіруші түлектері, егіз қыздар Алтынсары Кәусар мен Алтынсары Гауһар ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті.

Алтынсары Кәусар – 140 балл
Алтынсары Гауһар – 139 балл

Таңдау пәндері: ағылшын тілі – дүниежүзі тарихы.

Сонымен қатар, IELTS халықаралық емтиханынан 7.5 балл жинап, халықаралық сертификат иегері атанды.

Бұл жетістік – табандылықтың, тынымсыз еңбектің және білімге деген құштарлықтың жемісі.

Дарынды түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Осындай биік жетістікке жету жолында бағыт-бағдар берген ұстаздары мен қолдау көрсеткен ата-анасына алғыс білдіреміз.

Алдағы өмір жолдарында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!