Аружан небәрі 18 жаста. Десе де қазірдің өзінде технология арқылы әйелдердің денсаулығына байланысты ауқымды мәселені шешуге бетбұрған.

Мысалы 2010 жылға дейін жүргізілген клиникалық зерттеулердің көп бөлігі тек ер адамдарға арналған. Ал кейін сол мәліметтер медициналық алгоритмдер мен AI жүйелерін оқытуға қолданылды. Міне, осының нәтижесінде цифрлық денсаулық сақтау жүйелері әйел ағзасындағы гормоналды өзгерістер мен симптомдардың ерекшеліктерін толық ескермейді. Дәл осы мәселені реттеу үшін Аружан «Selene AI» платформасын әзірледі. «Selene AI» − ұйқы, белсенділік және жеке күнделік деректерін талдау арқылы гормоналды өзгерістер мен гинекологиялық аурулар тәуекелін болжайтын жүйе.

Стартапердің өзі де:

− Иә, әйел адамдардың денсаулығына байланысты дерек бар. Бірақ бізге қажет нақты дерек аз, тіпті олар шашыраңқы  және әйел физиологиясын көп жерде елемейді,− дейді.

Қызылордалық стартапер әйелдерге арналған жоба әзірледі
Дереккөзі: Grand View Research, 2025  |  Ашық баған – болжамды мән

Femtech қазіргі таңда тек сан емес. Бұл сегментте әйел-негізін қалаушылардың үлесі жалпы ЖИ стартаптарынан 2 есе асады. Жаһандық ЖИ стартаптарының тек 18%-ын әйелдер басқарса, femtech-те бұл көрсеткіш 34%-ға жетеді.

Қызылордалық стартапер әйелдерге арналған жоба әзірледі
Дереккөздер: OECD 2025, PitchBook 2024, Techup.kz + egov.kz 2024

Қазақстанда tech-стартаптардың 19%-ын әйелдер басқарады. Оның ішінде 63%-ы healthtech немесе edtech саласында жұмыс істейді. Яғни, Аружанның таңдауы – статистикалық ерекшелік емес, заңдылық.

Қызылордалық стартапер әйелдерге арналған жоба әзірледі
Деректеркөз: SeleneAI команда мәліметтері, 2025–2026

ҚР № 94-V «Дербес деректер туралы» заңы медициналық ақпаратты өңдеу алдында анонимдеуді міндеттейді. ДДҰ болса women’s health алгоритмдеріне клиникалық валидация талап етеді. Сондықтан SeleneAI командасы деректерді таңбалау және ИИ қорытындыларын тексеру үшін гинеколог дәрігерлерімен бірлесіп жұмыс істейді.

Femtech бүгінде медицинаның, технологияның және дербес деректер қауіпсіздігінің тоғысқан нүктесіне айналды. Сарапшылар алдағы онжылдықта бұл нарықтың ең жылдам өсетін бағыттардың бірі болатынын болжайды. Ал Қазақстанда осы толқынның жаңа буынын қалыптастырып жатқан жастардың қатарында Қызылордадан шыққан Аружан да бар.

Оның жобасы кейде жаһандық мәселелердің шешімі үлкен корпорациялардан емес, өз ортасындағы мәселені байқап, оны технология арқылы шешуге тырысқан жастардан басталатынын дәлелдейді.

Аружан Картам Astana IT University бағдарламалық инженерия мектебінің 2-курс студенті. Оның жобасы жеке тарих пен жүйелік мәселенің қиылысуы. Femtech саласы дербес деректердің, клиникалық валидацияның және нарықтық мүмкіндіктердің тоғысқан жері. Ал Қызылорда облысынан шыққан 18 жастағы қыз осы мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып пайдаланып жатыр.

А. Абдулла

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!