Фото: adyrna.kz
Әзербайжан мен Армения шекарасында түрлі қозғалыстар байқалуда, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеп.
Соңғы уақытта екі ел арасында әртүрлі бағытта адам күшінің, броньды техниканың, артиллериялық қондырғылардың, сондай-ақ басқа да ауыр атыс қаруларының шоғырлануы және Армения қарулы күштері әскерлерінің қарқынды қозғалысы байқалды.
Арменияда Әзірбайжанды соғыспен қорқытқан реваншисттік күштердің күшеюі байқалды.
Әзербайжан билігі ақпарат кеңістігінде жағдайды шиеленістіруге бағытталған жалған ақпараттардың таралып жатқанын айтады.
«Армения қарулы күштерінің Әзірбайжанға қарсы кез келген әскери арандатушылық әрекетін Әзірбайжан армиясы түбегейлі басып тастайтынын ескертеміз. Жағдайдың шиеленісуіне және ықтимал арандатушылыққа барлық жауапкершілік толығымен Армения мен оның меценаттарына жүктелетінін тағы да мәлімдейміз», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!