Фото: AFP 2024 / OLIVIER MATTHYS

Sputnik. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Ресей Федерациясына қарсы 14-ші санкциялар пакеті «қатаң болады және энергетикаға, технологияға және банк қызметтеріне әсер ететінін» айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін ЕО кеңесіне төрағалық ететін Бельгия Еуроодақ елдерінің тұрақты өкілдері бейсенбі күні Ресейге қарсы санкциялардың 14-ші пакетін келіскенін хабарлады. Ол жаңа шараларды да, қолданыстағы шектеулерді айналып өтуге қарсы шараларды да қамтиды.

«Мен Ресейге қарсы санкциялардың 14-ші пакеті туралы келісімді құптаймын. Бұл қатаңдатылған пакет. Ол Ресейді негізгі технологияларға қол жеткізуден, энергетикалық кірістен айырады, шетелдегі көлеңкелі флот пен көлеңкелі банк желісіне әсер етеді», – деп жазды фон дер Ляйен X желісінде.

Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, санкциялар ресейлік сұйытылған газды реэкспорттау үшін Еуроодақ инфрақұрылымын пайдалануды шектеуді, сондай-ақ ресейлік мұнай тасымалдайтын танкерлерді қара тізімге енгізуді қамтуы мүмкін. Бұған қоса, Еуропалық Одақ өзінің «қара тізімін» кеңейтіп, 40-тан астам жаңа тұлғалар мен ұйымдарды енгізеді.

Бұған дейін санкцияларды бекіту Германияның Еуроодақта жұмыс істейтін еуропалық компаниялардың еншілес компанияларына қатысты ережелерді қатаңдату туралы ұстанымына байланысты кейінге қалдырылғаны хабарланған, бірақ тараптар кейін ымыраға келген.

Ресей Федерациясы Батыстың Ресейге бірнеше жыл бұрын жасап бастаған және одан әрі күшейіп келе жатқан санкциялық қысымына елдің төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеген. Батыс елдерінің өзінде Ресейге қарсы санкциялар тиімсіз деген пікірлер жиі айтылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!