Қазақстанның басым бөлігінде 8 шілдеде ыстық әрі көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс, орталық және батыс өңірлердің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +36…+38 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +28…+30 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +31…+33 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +32…+34 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +33…+35 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.
Қызылордада күн ашық. Ауа температурасы түнде +24…+26, күндіз +38…+40 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +30…+32 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +32…+34 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +38…+40 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +28…+30 градус.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
