Иран әскерилері кейінгі екі аптада Таяу Шығыстағы Америка базаларына жасалған соққылар арқылы АҚШ-қа 20 миллиард доллардан астам шығын келтірді. Бұл туралы Tasnim агенттігіне Иран Ислам революциясы күзеті корпусының (ИРКК) өкілі Хосейн Мохеби мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Келтірілген бағалау көрсеткендей, егер ИРКК ресми өкілі мәлімдеген шығындар тізімінің дәлдігіне сүйенсек, 8 мен 22 шілде аралығында жойылған жабдықтар мен инфрақұрылымды ауыстыру құны шамамен 20 миллиард долларды құрайды», – деп хабарлады ирандық агенттік.

Tasnim ақпаратынша, бұл бағалау америкалық әскери техниканың бағасына, қорғаныс келісімшарттары мен Пентагонның бюджеттік құжаттарындағы ақпаратқа және ұқсас инфрақұрылымды қалпына келтіру құны туралы мәліметтерге негізделген.

Мохебидің айтуынша, соғыс қимылдары қайта басталғаннан бері ирандық тарап АҚШ-тың 200-ден астам әскери қызметшісінің көзін жойған. Жараланғандар саны бұдан әлдеқайда көп.

ИРКК ресми өкілі операцияның жалғасып жатқанын және оның АҚШ-тың өңірдегі қатысуына қатысты нысандарға бағытталғанын атап өтті.

Генерал Мохеби кейінгі екі апта ішінде (6 мен 22 шілде аралығында) Иран соққыларының нәтижесінде АҚШ-тың 11 жойғыш ұшағы мен тікұшағы, 17 барлау және жедел ұшқышсыз ұшу аппараты, ангарда болған F-15 жойғышы, P8 ұшағы, C17 көліктік ұшағы және 8 жанармай құюшы ұшағы жойылғанын айтты.

Иран АҚШ-қа келтірілген шығын көлемі мен қаза тапқан америкалық әскерилер санын жарияладыГенерал Хосейн Мохеби. IRNA

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 8 шілдеде 18 маусымға қараған түні қол жеткізілген атысты тоқтату режимі енді күшінде емес екенін мәлімдеді. Одан кейінгі күндері америкалық әскерилер 13 түн бойы Ирандағы нысандарға соққы жасады. Тегеран бұған Таяу Шығыс елдеріндегі американдық базаларға шабуыл жасау арқылы жауап қайтарды.

Кеше Трамп Иранға соққы жасауды тоқтату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды, осыған байланысты Тегеран да қарымта операцияларды тоқтатты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!