Фото: АР/ТАСС

Меккеде қайтыс болғандардың саны 1081-ге жеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі France-Press (AFP) агенттігіне сілтеме жасап.

Оған себеп – аптап ыстық. Мәселен 17 маусым күні ауа температурасы 51,8 градусқа дейін көтерілген.

Қаза тапқандардың арасында Алжир, Египет, Пәкістан, Индонезия, Ресей азаматтары бар. Индонезия билігі 183 азаматының қажылық кезінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Ал Ресейден барған 5 адам көз жұмған.

БАҚ мәліметінше, қайтыс болғандардың жартысынан көбі тіркелмеген қажылар. Қажылық 14 маусымда басталып, бес күн бойы өтті. Оған 1,8 миллион қажы қатысқан. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!