Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Петропавл қаласына жақын орналасқан бөгет маңындағы бөлімшенің жауапкершілік аймағында Есіл өзенінің акваториясында жүзу құралдарының дайындығын тексерді, – деп хабарлайды KAZINFORM.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында заманауи аэроқайықтар, катерлер және моторлы қайықтар қолданылды. Техника жоғары жүріс сипаттамалары мен пайдалану сенімділігін көрсетті, ал құтқарушылар өзара үйлесімді әрекет етіп, күннің жылы кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайын екендіктерін көрсетті.
Қарда-батпақта жүретін техниканың мүмкіндіктеріне жеке назар аударылды. Қажет болған жағдайда ол жетуі қиын учаскелерде және таяз су айдындарында пайдаланылады.
-Жүргізілген тексеру өңірдегі су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күштер мен құралдардың толық дайын екенін көрсетті, – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!