Фото: report.az

Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) Ормуз бұғазында болған танкердің Иран Ислам революциясы сақшылары корпусына тиесілі екі катердің өздерін  атқылағанын хабарлаған, деп жазады KAZINFORM.

BBC-дің хабарлауынша, оқиға Оманнан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 20 теңіз милі (37 шақырымға жуық) қашықтықта болғаны айтылды. UKMTO капитанға сілтеме жасай отырып, кеме мен экипаждың қауіпсіз жағдайда екендігін мәлімдеді.

Сонымен қатар Reuters агенттігіне үш дереккөздің айтуынша, кемінде екі сауда кемесі бұғаздан өтуге әрекет жасаған кезде атқыланған.

Кеме қатынасы саласындағы дереккөздердің мәліметінше, кейбір кемелерге Иран әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазының қайтадан жабылғаны және барлық кемелер үшін өтуге тыйым салынғаны туралы хабарлама жіберген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!