Фото: elements.envato.com

Соңғы 48 сағат ішінде Пәкістанға жауған қатты жаңбырдың салдарынан 29 адам қаза тауып, тағы 50 адам жарақат алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «belta.by» сілтеме жасап.

Жауын-шашын салдарынан бірнеше үй құлады, ал жаңбырдан кейін көшкін болып, әсіресе елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жолдар жабылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, бейсенбі кешке Хайбер-Пахтунхва провинциясында ауа райына байланысты оқиғадан шамамен 23 адам қайтыс болды. Су тасқыны салдарынан елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында тағы 5 адам қаза тапты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!