2024 жылдың ортасында Қытай әлемдегі ең үлкен әскери басқару орталығының құрылысын бастады. Бұл объект «Пекиндік әскери қала» аталады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы британдық Financial Times газетіне сілтеме жасап.

Құрылыс Пекиннен 30 километр оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Құрылыс алаңы 6 шаршы километрден (607 гектар) асады. Бұл оны америкалық Пентагоннан кем дегенде он есе үлкен етеді.

Құрылыс алаңында терең шахталар табылды, олар әскери сарапшылардың пікірінше, үлкен қорғалған бункерлерді орналастыруға арналған. Бұл бункерлер Қытай әскери басшылығының қорғанысын қамтамасыз ету үшін, әсіресе ықтимал ядролық соғыс жағдайында пайдаланылуы тиіс.

Жаңа объект қазіргі батыс төбелеріндегі әскери командалық орталықты алмастыру үшін тұрғызылып жатыр. Пекин орталығындағы қазіргі штаб салыстырмалы түрде заманауи болса да, ол арнайы қорғалған командалық орталық ретінде жобаланған жоқ.

Құрылыс алаңында әскери техникалар жоқ. Бірақ фотосуретке түсіруге және дрондарды пайдалануға тыйым салатын белгілер орнатылған. Қытайдың интернетінде бұл жоба туралы ешқандай ақпарат жоқ.

АҚШ-тың орталық барлау қызметінің бұрынңы Қытай бойынша аналитикалық бөлімінің жетекшісі Деннис Уайлдер бұл объекттің құрылысы Қытайдың тек заманауи қарулы күштерін ғана емес, сонымен қатар ядролық соғыс жүргізу мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылысын көрсетеді деп санайды.

Кейбір сарапшылар объектінің мақсатына күмән келтіруде. Тайбэйдегі Стратегиялық зерттеулер кеңесінің аналитигі Сюй Енцзи бұл аумақтың әкімшілік мақсатта немесе үлкен оқу базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін айтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!