KAZINFORM — Әлем назары Иранмен болып жатқан қатқығысқа ауған шақта, Газа секторындағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Атысты тоқтату жөніндегі келісімге қарамастан, Израиль әскері анклав ішіне қарай ілгерілеп барады, деп хабарлайды Aljazeera.

Әскери күштер тараптардың бақылау аймақтарын бөліп тұруы тиіс «сары сызық» аталып кеткен шартты белгіден өтіп кетті.

Мамандардың айтуынша, мұндай қадамдар ұзақмерзімді әскери бақылау орнауы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтіп, жаңа ауқымды операцияларға жол ашуы ықтимал.

Forensic Architecture сарапшылары өңірдегі әскери белсенділіктің артқанын айтып, оның Газа тұрғындарының болашағына ықпалын саралап жатыр.

Осы уақытта халықаралық ақпарат құралдарының назары өзге оқиғаларға ауғанымен, аймақтағы жағдай өзгеріп жатыр, -делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!