Фото: nqz_airport

Таяу Шығыста жағдай күрделеніп, әуе рейстері кешіктірілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап.

Иранның Израиль, Мысыр, Иордания және Ливанға жасаған шабуылы тұсында олардың әуе кеңістігін жауып тастады.

Израильдің Бен Гурион әуежайы да жабылды. Ал Алматы әуежайының хабарлауынша, Шарм-эль-Шейхке ұшатын рейс кешігіп жатыр.

Air Astana компаниясы жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Дубай мен Жиддаға рейстері Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп орындалатынын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!