Фото: Getty Images/Anadolu Agency/Contributor

Испания премьер-министрі Педро Санчес елінің Палестинаны мемлекет ретінде ресми мойындағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл — тарихи шешім, деп хабарлайды Aljazeera арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Педро Санчестің айтуынша, Испания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде мойындады.

«Бұл — әділетке бағытталған тарихи қадам және бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы», – деді Санчес.

Испания Палестинаның мемлекеттігін мойындаған Ирландия, Норвегия және тағы 144 елдің қатарын қосылды.

Еске салайық, 22 мамырда Euronews тілшілері мәлім еткендей, Испания премьер-министрі Педро Санчес оның елі 28 мамырда Палестинаны мемлекет ретінде танитынын айтқан.

Испания социалистерінің жетекшісі сәрсенбіде ел парламентінде мәлімдеме жасалатынын жеткізген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!