Фото: t.me/ru2ch

Бұл көлікті жүргізу үшін жүргізуші куәлігі қажет емес, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Швейцария Microlino Lite деп алатын электромобильді көпшілік назарына ұсынды. Бұл темір тұлпарға екі адам ғана сыяды және жылдамдықты сағатына 45 шақырымға дейін ғана арттыруға болады. Көлікті 14 жастан бастап басқаруға рұқсат беріледі.

Фото: t.me/ru2ch

Еуропада бұл көлік түрі өзінің көлемі мен қозғалтқышына байланысты мопед ретінде саналады: ұзындығы 2,5 метрді, ені 1,47 метрді және бойы 1,5 метрді құраса, ал қуаты – 6 кВт.

Мұндай көлікті ұзақ мерзімге жалға алу құны шамамен 75 мың теңгедей болады. Ал сатып алу құны 8 млн теңгеден асады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!